Get Mystery Box with random crypto!

НӘРЕСТЕ КОЛИКАСЫ. Нәрестеңіз мазасызданып, тоқтаусыз жыл | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

НӘРЕСТЕ КОЛИКАСЫ.


Нәрестеңіз мазасызданып, тоқтаусыз жылайды ма? Онда оқимыз:

Нәресте ішінің желденуі бірінші аптада басталып 3 айға дейін іш желдену процессі міндетті түрде болатын ауырсыну.
Нәрестенің іш желденуі 3сағаттан кем емес мазасыздануы.

НЕГЕ НӘРЕСТЕЛЕРДЕ КОЛИКА 3 АЙҒА ДЕЙІН ЖИІ БОЛАДЫ?

НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ:
Асқазан ішек жолдары енді ғана қалыптасуынан.
Ас-қорыту жолдарындағы сәйкес емес тамақтануы(мыс: сиыр, ешкі сүті).
Дұрыс емізбеуі, көп ауа жұтуынан.
Анасының көңілсіз, ашушаң болып жүруінен сүттің тартылуы, осы жайттардан балада колика басталады.

КОЛИКАНЫҢ ПРИЗНАКТАРЫ:
Баланың бір мезетте қатты шыр етіп жылауы.
Аяқ-қолдарын ішіне тартып жылауы, жұдырығын қысып алу, ішінің үлкен болып үрленуі.
Беттері қызарып,кейде көгеріп дірілдеп жылауы, аз мөлшерде құсуы.

ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТЕМІЗ?
Ең алдымен анасына САБЫРЛЫҚ сақтауы керек.
Баланы бос қоямыз,қымтанып тұрған киімдерін шешеміз, жылы етіп жаялықты ішіне басамыз.
Қолға алып ішімен көтереміз.
Емшек салып тербетіп тынышталдыру.
Ішіне сағат тілімен массаж жасау, немесе велосипед тепкендей(яғни бүгіп, жазу).
Тыныштандыратын баяу музыка қосу.

Анасы емізу кезінде:кофе, школад, сүт өнімдерін, брокколи т.б шектеген дұрыс.

КОЛИКА КЕЗІНДЕ ДӘРІЛЕРДІҢ ӘСЕРІ БАР МА?

Колика кезінде ең алдымен анасы сабыр сақтау керек.Бұл пайдасы күшті дәрі.
Диета сақтау керек.
Дәрілік заттардың әсер етуі аз,бірақ шамалы уақытқа ауырсынуды басады.

Тиімділігі жақсы дәрілер:

БиоГая.
Рела Лайф.
Укропты сулар.

Балаларыңызда колика кезінде қандай көмек көрсетіңіз?

Аналарға кеңестер