Get Mystery Box with random crypto!

АЛЮМИНИЙ МАНТОВАРКА ТАЗАЛАУ Мантоварка тазалаудың екі жолын ұ | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

АЛЮМИНИЙ МАНТОВАРКА ТАЗАЛАУ

Мантоварка тазалаудың екі жолын ұсынамын.

Мантоварканы қайнату арқылы тазалау

Керек заттар:

Жарты кір сабын
3ас қасық ас содасы
3ас қасық фери

Мантоварка сиятындай ыдыс алып, ішіне 7-8л су құйып, газға қойыңыз. Кір сабынды үккіштен өткізіп, суға салыңыз + ас содасын + фери қосыңыз. Су қайнағаннан кейін, мантоварканы салыңыз. Бірден майы ерігеннен алып, губкамен ысқылап алыңыз.

Көп қайнатпаңыздар, ыдыс қарайып кетуі мүмкін

Нәтижесі болады.

Мантоварканы қолмен жуу

Қыша ұнтағымен жуып алсаңыздар болады. Егер қатты майлы болса, қыша ұнтағы + тұз + сірке суы, араластырып, осы ерітіндімен ысқылап жуып аласыздар.

Алюминий ыдысты қарайтып алған кезіңіз болды ма??