ГЛИНАНЫҢ ПАЙДАСЫ Глина балшық, саз деген мағыналарды береді. | Қыздарға кеңес 👩🏻🍼 Жүктілік
ГЛИНАНЫҢ ПАЙДАСЫ
Глина балшық, саз деген мағыналарды береді. Глинаны қыз-келіншектер бет терісін жақсарту үшін косметикада қолданады.
Глина түрлері:
Ақ глина – майлы теріге арналған. Беттегі қара нүктені кетіреді, терідегі ұсақ тесіктерді тарылтады.
Көгілдір глина – өте майлы теріге арналған. Бетті тазалайды, дезинфекциялайды, безеулермен күреседі, теріні ағартады.
Жасыл глина – майлы, сепкіл, құрғақ типтегі терілерге арналған. Қартаюдың алдын алады, жұмсартады, токсиндерді сыртқа шығарады, бактериялармен күреседі, ісікті қайтарады, пилинг орына қолданылады, қан тамырларды тарылтады.
Алқызыл глина – сезімтал, жасөспірім терілеріне арналған. Тазартады, әжімдерді тегістейді, теріге нәр береді.
Қызыл глина – қалыпты, сезімтел және майлы терілерге арналады. Қан айналымын жақсартады, қабынудың алдын алады, бетке шығатын безеулерден сақтайды.
Сары глина – проблемалы теріге (дерматит, экзема) және құрғақ теріге арналған. Терінің өлі клеткаларын жояды, тері тонын жақсартады, безеу бөртпесінің алдын алады, тонусын көтереді.
Қара глина – проблемалы теріге арналған. Тері тесіктерін тазалайды, тарылтады, тері майын ретке келтіреді, бет безеуімен күреседі, целлюлитпен күреседі.
Сіз глина қолданасызба? Қандай түрін?