Get Mystery Box with random crypto!

МЕНОВАЗИН - СІЗ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ Меновазин өте арзан және п | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

МЕНОВАЗИН - СІЗ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ

Меновазин өте арзан және пайдасы көп. Әр үйдің дәрі қобдишасында болуы керек.

Пайдасы

Радикулит кезінде мойынға, желке тұсына, омыртқаға жағыңыз. Бұл дертіңізді айтарлықтай жеңілдетеді. Ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде денеңізді майлай отырып, буындардағы тұздардың шөгуін толық емдеуге болады.

Жүрек ауырғанда, бас ауруы, тіс мазаласа, құлақтың айналасына күніне 2 рет жағу керек.

Аяқтарыңыз ауырып, мүлдем көтере алмайтындай болсаңыз, күніне 1 мезгіл табан мен тізелеріңізге жағыңыз.

Меновазин құлақ ішіндегі құлықты тоқтатып, ауырсынуды және қабынуды жояды.

Безеуге миникопресс жасауға болады.

Егер бас ауруы мазалап жүрген болса, меновазинді шекеңіз бен самайыңызға жағыңыз.

Меновазин геморройға да көмектеседі. Таңертең жуынып болған соң, сұқ саусағыңызға бинт орап алыңыз. Оны «Меновазинаға» батырып, тік ішекті бір «сүртіп» майлап шығасыз. Қатты ауырады, бірақ шыдамдылық қажет. Осы процедураны 5 рет қайталағаннан кейін геморройды мәңгіге ұмытасыз.

Суық тиіп, жөтел мазаласа, денеңізді меновазинмен сүртіңіз. Арқа мен кеудені аталған препаратпен сылап, кейін бірден жылы орамал немесе жүн свитерді киіңіз де, жылы төсекке жатыңыз.

Еріндегі герпес. Мақта дискісін меновазин ерітіндісіне малып алып, ауру аймағына басып тұрыңыз. Герпестің орнына меновазин жақпа майын жағуға да болады.

Құлақ ауруы. Мақтаны спиртті ерітіндімен сулап, құлаққа күніне 2 рет 15-20 минутқа жағыңыз.

Венаның варикозды кеңеюі кезінде меновазинді пайдалану аяқтағы ауырсыну мен ауырлық сезімін жояды, ісінуді азайтады. Ерітіндіні табаннан жоғары қарай жеңіл қозғалыстармен жағу қажет.

Сіздер қандай пайдасын біесіздер????