Get Mystery Box with random crypto!

СІРКЕ СУЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ Сірке суы үй шаруасында өте таптырмас | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

СІРКЕ СУЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Сірке суы үй шаруасында өте таптырмас көмекші құрал екенін білесіздер ме?

Онда мен сіздерге сірке суының қолданылуын айтайын

Арамшөптермен күресте сірке суын қолдануға болады. 40%-дық сірке суын сумен араластырып, арамшөптер көп өскен жерді суарыңыздар.⠀
Терлегенде киімде қалатын сары дақтарды кетіреді. Ол үшін киімдеріңіздің дағы бар жерін 10 минутқа сірке суына салып қойыңыз. Артынан киімді жуып жіберсеңіз, дақтар оңай кетеді.⠀
Сірке суы көмегімен жөтелден тезірек құтылуға болады. Бір стақан жылы суда 1 ас қасық алма сірке суын ерітіңіз. Ерітіндімен тамағыңызды шайыңыз.⠀
Тотталып қалған кішкене заттарды сірке суының ерітіндісінде қайнатып, артынан сумен шайып жіберіңіз.⠀
Көгерген иістен арылу үшін тоңазытқыш, сөрелер ішін сірке суына малынған шүберекпен сүртіп шығыңыз.⠀
Шәугімнің қағын кетіру үшін, су және сірке суын шәугімге құйып қайнатыңыздар.⠀
Ықылықтан арылу үшін қант кесегін сірке суына малып, жеп алыңыздар.⠀
Шыны ыдыстарды, әйнек есік-терезелерді сірке суы ерітіндісімен таза қылып сүрте аласыздар.⠀
Жақындарыңыз сыйлаған гүл шоқтарының ұзағырақ сақталғаның қаласаңыз, онда 1 л суға 2 ас қасық сірке суын қосып, гүліңізді салып қойыңыздар.

Сіздер қандай процентті сірке суын қолданасыздар???⠀