Get Mystery Box with random crypto!

ТҰЗДЫҢ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ ПАЙДАСЫ Тұзды тек тамаққа ғана қосп | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ТҰЗДЫҢ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ ПАЙДАСЫ


Тұзды тек тамаққа ғана қоспайды, пайдасы өте көөөөппппп.

Кеттік онда:

Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз.
Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруге көмектеседі.
Жұмыртқа пісірілетін суға тұз салыңыз. Сонда жұмыртқа жарылған жағдайда, тұзды суда ағып кетпейді.
Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.
Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек. Жұмысты жеңілдетеді.
Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша қыздырылған табаға тамақ жабыспайтын болады.

???Сіздер қандай пайдасын білесіздер???