Get Mystery Box with random crypto!

МАЙСАНА МАЙЫНЫҢ СҰЛУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ Пайдалы постқа басып, сақ | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

МАЙСАНА МАЙЫНЫҢ СҰЛУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ

Пайдалы постқа басып, сақтап , достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар

Майсана майы - арзан және пайдасы мол. Сіздерге майдың пайдалы жақтарымен бөліспекшімін

Алақаныңызға аз мөлшерде май құйып, шашыңызға жасап жағыңыз. Аптасына бір рет жасау арқылы, нәтижесін көресіз. Бір айдан кейін шашыңыз қалыңдап, жылтырайтын болады.

Кесеге айран құйыңыз. Ыстық су құйылған ыдысқа кесені қойыңыз. Айран жылығаннан кейін 5 тамшы майсана майын тамызып, қоспа дайындаңыз. Дайын қоспаны басыңызға жағып, пакет киіп, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 30 минуттан кейін шашты жуу керек.

Шашыңыз қалыңдап, түсуі азаяды

Майсана майы кірпік пен қас өсіруге көмектеседі. Ол үшін аптасына бірнеше рет кірпіктеріңізге майсана майын жағу керек.

Бетке массаж жасауға болады. Ас қасықты қыздырыңыз. Содан соң майсана майын құйыңыз. Бетке массаж жасаңыз.

Майсана майынан бетке арнап маска жасауға болады. Жұмыртқаның саруызы мен 10 тамшы майсана майынан қоспа дайындаңыз. Бетке жұқалау етіп жағып, 25 минуттан кейін жуып тастаңыз. Содан соң көк шаймен бетті шаюға болады. Сонда бетіңіз құрғақтанып кетуінің алдын аласыз.

Салқын ауа райы мен желді күні беттің қабыршақтануына жол бермейді

Сіз майсана майының қандай пайдасын білесіз?