Get Mystery Box with random crypto!

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРА ДАҚТЫ КЕТІРУ Дақты кетіру үшін пилинг+маск | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРА ДАҚТЫ КЕТІРУ

Дақты кетіру үшін пилинг+маска жасаймыз.

ПИЛИНГ: қызанақ+қант

Қызанақты 2бөліңіз.
Жарты қызанақ ішін пышақпен бөліктерге бөліңіз.
Бетіңізді тазартып жуып, құрғатыңыз.
Жарты қызанақты қантқа батырып, бетіңізді айналдырып сүртіңіз(3-4мин, арасында қызанақты қысып қойыңыз).
Бетіңізде 15-20мин тұрсын.

Егер қызу, қышу, ашу реакциялары байқалса, пилингті тоқтатыңыз

МАСКА: картоп+сүт

Балғын картоптың қабығын ашып, жуып, үккіштен өткізіңіз.
Үккіштен өткізілген картопқа сүт қосып, араластырып, 5мин қойып қойыңыз.
Бетіңіздегі пилингті жуып, құрғатыңыз.
Бетіңізге масканы жағып, 15-20мин қойып қойыңыз.
Беттіңізді жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.

Күнге шығар алдында SPF кремін жағыңыз

Аптасына 2рет жасауға болады. Жасау ұзақтығы 1ай

Бұл маска пайдасы:

Беттеріңіз ағарады
Қара дақ пен сепкілді кетіруге көмектеседі.

Ертеңгі пост қандай тақырыпта болсын?