Get Mystery Box with random crypto!

Нәресте жүргегін дұрыс ауыстырып жүрміз бе? Жаңа туған бөбек | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Нәресте жүргегін дұрыс ауыстырып жүрміз бе?

Жаңа туған бөбек ересектердің көмегіне толығымен тәуелді. Сіз нәрестеңізбен бірге күнде жасайтын қимыл-қозғалыстарды оның үйреніп, дамуына қолайлы жағдай тудыратын түрде жасай аласыз.

Жаялық ауыстырғандағы дұрыс қимыл-қозғалыстар:
бөбектің денесін аяғынан жоғары ұстап көтермеңіз

Себебі:
Бұл бөбекке зақым келтіруі мүмкін (ортан жіліктің орнынан шығып кетуі).
Олай істесеңіз денесінің салмағының үлкен бөлігі оның бас тұсына келеді, содан оның миына көбірек қысым түседі.
Нәрестені аяғынан ұстап көтергенде оның ішіне де қысым түседі, бұдан ол құсып жіберуі немесе іші желденуі мүмкін әрі оның тыныс алуы да бөгеліп 
қиындайды.
Сіз нәрестенің түгел денесін дерлік бір мезгілде қозғап жатырсыз, сондықтан бөбектің осы қимыл-қозғалысқа белсенді қатысуына мүмкіндігі қалмайды.
Дұрысы: жаялықты нәрестені қырынан жатқызып ауыстыру
Себебі:
Бөбектің дене салмағы өзі жатқан жердің бетіне түседі.
Қимыл-қозғалыстарыңыз баяу болғандықтан нәресте соларды сезе алады, содан ол өзін қауіпсіз сезінеді.
Бөбектің денесінің түрлі бөліктері бірінен кейін бірі қозғалады.
Нәресте өз денесінің қалай қозғалып жатқанын сезіп, соған өзінің де белсенді қатысуына мүмкіндігі болады.
Осылай нәресте өз дамуындағы келесі қадамды жасап, ақырындап жамбасына бұрылуды үйрене алады. Сонымен қатар, нәрестенің қолайлы қимылдауына өзіңіз де қолдау жасайсыз. Осы арқылы нәресте керек кезінде күшенуді үйренеді. Бұл астың қорытылуына және үлкен дәреттің келуіне көмектеседі.

Жөргекті дұрыс ауыстырып жүрсіз бе?