Get Mystery Box with random crypto!

Әр сәби әртүрлі екенін ұмытпаңыз, кейбір балалар құндақтағанд | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Әр сәби әртүрлі екенін ұмытпаңыз, кейбір балалар құндақтағанды ұнатады, кейбірі ұнатпайды, себебі неде деп ойлайсыздар?

Ол жатырішілік дамуға байланысты. Егер жатырішілік суыңыз жақсы болса, бала емін еркін қозғалса, балаңыз құндақтауға қарсы болады, себебі ол әуелден еркін жүруге үйренген. Ал егерде суыңыз аз болса (маловодие), онда бала бастан қимылдың шектігіне үйреніп қалған. Сол себептен бұндай сәби өзін құндақтаған кезде жақсы сезінеді.

Қандай категорияғада сіздің балаңыз жатса, баланы қатты қысып құндақтауға болмайды. Құндақтауды мүлдем қолданбау немесе жеңіл желпі құндақтауды таңдау сіздің еркіңізде.

Баланы қатты қысып құндақтауға болмайтын жағдайлар
Тыныс алудың патологиясы
Даму ақауының болуы
Қанайналым және терморегуляцияның дұрыс болмауы
Жамбас сүйегінің дамуында туа біткен ақаудың болуы

Әр балаға жеке, индивидуальды жағынан келіп, балаңызға және сізге қолайлы болатын нұсқаны таңдауды ұмытпаңыз.