Get Mystery Box with random crypto!

Нәрестенің іші ауырған кезде қажет басты нәрсе төзім. Себебі с | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Нәрестенің іші ауырған кезде қажет басты нәрсе төзім. Себебі сіздің дұрыс тамақтанбауыңыз, сіздің жай-күйіңіз, баланы дұрыс омырауға қоймауыңызда осының себебі болады.

Бірақ іш түйілуі, кебуі баланы мазасыздандыратыны сөзсіз. Іш түйілуінен толықтай арылуға болмағанымен, оны, ең болмағанда, аздап жеңілдетуге болады.

Ол үшін мына әдістерді қолданып көріңіз:
Анасы баласына кеудесіне басса, нәресте өзін тыныш әрі қауіпсіз сезінеді.
Баланы қолға алып, бөлмелерді аралау.
Егер бала шомылғанды ұнатса, жылы суға жуындырыңыз.
Анасы жұмсақ дауыспен айтқан әсем, әуезді ән баланы тыныштандыра алады.
Іш түйілуі кезінде массаж да жақсы көмектеседі. Нәрестенің ішін ақырын сағат тілі бойынша сипаңыз.
Желдеткіш немесе шаңсорғыш сынды техникаларды қосуға болады. Ол баланың көңілін бөледі. Ал су сылдыры немесе жапырақтардың шытырлағаны сынды табиғат дыбыстары баланы тыныштандырады.
Баланың ішіне жылы мата басу жақсы көмектеседі.
"Велосипед" жаттығуы - баланың аяғын алма кезек ішіне қарай басыңыз.

УКРОПТЫ СУ - 5-6 тамшыдан күніне 3-4 рет

Балаңыздың іші кепкенде қандай әдіс немесе дәрі-дәрімек жақсы көмектесті, бөлісе отырыңыз?

Аналарға кеңестер