Get Mystery Box with random crypto!

Такси тым қымбат болса, ең дұрысы - отырмау. Бірнеше нұсқа ба | МТ

Такси тым қымбат болса, ең дұрысы - отырмау.

Бірнеше нұсқа бар. Бұл нұсқаларда қауіпсіздік, уақыт, комфорт деген нәрселер ескерілмейді. Чисто ақшалай тиімділік жағынан.

1. Отырмау - ең керемет нұсқа. Оның орнына, жаяу, автобуспен, попуткамен, метромен, самокатпен, индрайвермен баруға болады.

2. Бірден отыру. Уақытты да, ақшаны да үнемдеуге шанс болады.

3. Отмена басып, қайта шақыру. Бұндай кезде уже тариф қымбаттап кетеді. Ең тиімсізі. Бұндай тиімсізірек қылу үшін тағы отмена басып қайта шақыру керек.

Бұның логикасы қалай жұмыс істейді?

Яндекстің деректі фильмінде осы туралы түсіндіреді. Жолдың бағасын жүйе автоматты түрде реттеп отырады. Жаңбыр мен пробка уақытында қымбаттап кететіні бар ғой. Оны яндекстің менеджері отырып қолмен қымбаттатпайды.

Баға тек көлік саны мен клиент санына ғана сүйеніп реттеледі. Заказ көп, такси аз болса баға қымбаттайды. Сонда заказ қайта азая бастайды. Сосын тариф те жаймен төмендейді. Дәл картоп пен пәтердің бағасы сияқты нәрсе.

Жаңбыр сіркірей бастағанда серуендеймін деп отырған адамдар да, автобус күткісі келмей қалғандар да такси шақыра бастайды. Солардың бәріне көлік жетпегеннен тариф резко қымбаттап кетеді. Час пикте де дәл солай.

Жаяу жүре бастасақ не болады?

Басқа адамдар үшін таксидің бағасы төмендейді. Оған жалпы заявканың саны азайғаны себеп болады.

Егер отменить етіп қайта шақырсаң, бір өзің екі заказ беріп яндекс алгоритмі үшін сұраныстың санын көп қылып көрсетесің. Солай баға да көтеріле береді.

Идеал жағдайда тариф төмен болуы керек. Таксистер арзан болса да адамдарды таси беруі керек. Клиенттер таксистердің азайып қалмауы үшін оларға шай-пұл қалдырып отыруы керек. Сонда такси қымбат тариф уақытын күтіп отырмай, клиенттің көңілінен шығуға тырысады.

Тек бір ньюанс бар - адамдар өзін ғана ойламай басқаларға да ыңғайлы жағдай жасауға тырысуы керек. Себебі, ол өзі үшін тиімді екенін түсінуі керек.