Get Mystery Box with random crypto!

NATO бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзіне қарағанда альянс | ONLINE -Амангелді Құрметұлы

NATO бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзіне қарағанда альянс Украинаға 230 танк, 1550 бронды машина беріпті. Бұл техникалармен 9 бригада жасақталыпты деседі. Дегенмен бригадалар таза танк бригадалары емес, механикаландырылған немесе штурм бригадалар сияқты. Өйткені "таза" танк бригадасын құру үшін 90-110 танк керек болады. Демек 230 танкпен деген екі бригада ғана құруға болады. АҚШ стандарты бойынша. Сондықтан жаңадан құрылған 9 бригаданың әрқайсысында 2 танк ротасы болады-ау деп ойлаймын. Бірақ 9 бригаданың бәрінде 2 рота болмайды. 8 бригада көмекке берілген танк роталарымен күшейтілсе, қалған біреуі Украинаның өз танктерімен жарақтанған роталармен күшейтілетін шығар. Мұндай роталар NATO стандартымен жасақталса ғана осылай жүзеге асады. Украинаның өз стандарты бойынша 18 рота құруға 230 танк жетіп артылады. Айтпақшы 9 бригаданың жеке құрамы 45 мыңдай адам. Демек әлі де оншақты бригада жасақталуы мүмкін сияқты. Өйткені Украинаның шабуылға әзірлеп отырған әскерінің саны кемі 200-250 мың шамасында болуы ықтимал.