Get Mystery Box with random crypto!

​​ Қарағанды облысы: «AMANAT» депутаттары шахта кеншілерімен к | AMANAT партиясы

​​ Қарағанды облысы: «AMANAT» депутаттары шахта кеншілерімен кездесті

«AMANAT» фракциясының мүшелері Гүлнар Бижанова мен Юрий Жулин Т.Күзембаев атындағы шахтаның еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік мәселелер соның ішінде, шахтерлердің зейнеткерлік жасын төмендету, азық-түлік пен жылжымайтын мүлік бағасының өсуі, жалақы төмендігі басқа да сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар шахталардағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайлары да назардан тыс қалмады.

Осы орайда Мәжіліс депутаты Юрий Жулин көтеріліп отырған сұрақтардың барлығы Парламенттің басты назарында екенін, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары үшін еңбек қауіпсіздігін қорғау өте маңызды мәселе екенін алға тарта келіп, осы бағытта тиісті заң жобасына депутаттар тарапынан халықтың өтініш-шағымын ескере отырып, бірқатар маңызды нормалар енгізілгенін баса атап өтті.

- Бүгінде жергілікті жерлердегі еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органға бағынады, ал біз керісінше инспекция Еңбек министрлігіне бағынады және жергілікті атқарушы органға тәуелді болмайды деп ұсынамыз. Сонымен қатар, мемлекеттік инспектор құқықтық статистика органдарына және кәсіпорынға тексерістен шықпаған жағдайда, мұндай хабарлама жосықсыз жұмыс берушілерге кәсіпорындағы жарақаттану және басқа да тәртіп бұзушылықтар фактілерін жабуға мүмкіндік береді. Осының алдын алу үшін және бақылаудың тиімділігін арттыру үшін біз кенеттен тексерулерді енгізуді ұсынамыз, - деді Юрий Жулин.

Өз кезегінде Гүлнар Бижанова қызметкерлерді белсенді кері байланыс орнатуға, ұсыныстар білдіруге шақырды. Сондай-ақ, ол қатысушыларға биылғы маусымда қабылданған конституциялық реформалар ең алдымен қоғамның мемлекетті басқару мәселелеріне ықпалын күшейту институтына бағытталғанын назарға алды.

@AMANATPartiyasy