Get Mystery Box with random crypto!

​​ Парламент Мәжілісі «AMANAT» фракциясының мүшелері өңірлерде | AMANAT партиясы

​​ Парламент Мәжілісі «AMANAT» фракциясының мүшелері өңірлерде 1200-ден астам кездесу өткізді

Парламенттің заң шығару қызметін түсіндіру бойынша өңірлердегі көшпелі жұмыс аясында депутаттар – «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері 766 елді мекенде болып, 1 200-ден астам кездесу өткізді.

Бұл туралы «AMANAT» партиясының жаңа баспасөз орталығында өткен баспасөз маслихатында халық қалаулылары Альберт Рау, Жұлдыз Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Берік Оспанов айтты.

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қ.Қ.Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІ Съезінде депутаттардың азаматтармен тікелей кездесуінің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Сайлаушылармен тікелей диалог құру, тұрақты түрде азаматтармен кездесу аса маңызды, осы орайда шалғайдағы ауылдарға бару керек. Депутаттық сауалдар формализмнен аулақ болып, олардың мазмұны нақты мәселені қамтып, тұрғындар проблемасын көрсетуі керек»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Түсіндіру жұмыстарынан басқа, депутаттар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп азаматтарды жеке қабылдады. Барлығы 2,5 мыңнан астам өтініш қаралып, олардың 321-і бірден оң шешімін тапты.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша 1 209 түйінді мәселе анықталды. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің көпшілігі әлеуметтік салаға, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты болды.

Барлық сұрақтар арнайы талдау хатқа жинақталып, Үкіметке жіберілді. 6 сәуірдегі жалпы отырыс барысында вице-премьер Ералы Тоғжанов проблемалардың бір бөлігін қарау қорытындылары бойынша есеп берді. Жалпы отырыс барысында қаралмаған барлық мәселелер бойынша Үкіметпен жұмыс жалғасуда.

Толығырақ: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy