Get Mystery Box with random crypto!

​​ Құрметті достар! Бүгін сағат 11.00-де «АМANAT» партиясының | AMANAT партиясы

​​ Құрметті достар!

Бүгін сағат 11.00-де «АМANAT» партиясының жаңа баспасөз орталығында өтетін баспасөз маслихатының тікелей эфирін партияның Facebook-тағы және Youtube желісіндегі ресми аккаунттарынан көріңіздер.

Мәжілістегі «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері Альберт Рау, Жұлдыз Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Берік Оспанов аймақтарға сапарының нәтижелері бойынша журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Айта кетейік, ақпан айында аймақтарға сапары барысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері – мәжілісмендер 766 елді мекенге барып, онда 1 200-ден астам кездесу өткізді.

Қанша өткір мәселелер анықталды? Депутаттармен кездесулерде аймақтағы жұртшылықты не алаңдатты? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын төмендегі сілтемелер бойынша тікелей эфирден көріңіздер:

https://www.facebook.com/amanat.partiasy

https://youtube.com/channel/UCFSxyV97uoGMR4ztETM66vw