Get Mystery Box with random crypto!

Мақсатыңыз бар ма? (Жалғасы) Оқу ұзақтығы 1 минут. Алдыңғы та | Алмат Жайлаубаев

Мақсатыңыз бар ма? (Жалғасы)
Оқу ұзақтығы 1 минут.

Алдыңғы тақырыптарды оқуға кеңес беремін.

Бүгін де екеуін бірден жазуды ұйғардым. Кеттік.

5. Мақсатыңыз жолында жанқиярлыққа дайынсыз ба?

Ұлы отан соғысында ата-апаларымыз Отанымыз үшін жандарын пида етіп, жеңіске жетті.

Яғни, мақсатыңыз жолында жанқиярлық танытпай, нәпсіңізге жағымды нәрселерді құрбандыққа шалмай діттеген мақсатыңызға жету – арман.

Қалаған уақытта, қалаған тағамды жеу арқылы салмақ тастай алмайсыз. Мақсатыңыз жолында қандай нәрседен бас тарту керектігін анықтап алыңыз.

Одан кейін, бас тартатын нәрсеңізге қарай өзіңізді дайындай беріңіз.

Мысалы үшін: Гарвардқа түсу үшін - көп тамақ жеуден, көп ұйықтаудан, қыдырудан, достармен кездесуден, тойларға барудан, дайындығыңыз жолындағы кедергілерден бас тартуға дайынсыз ба?

Отанын қорғау үшін ата-бабаларымыз жанын пида етті. Мақсатыңыз жолында сіз нені пида етуге дайынсыз?

Жазып шығыңыз!

6. Дағдыларыңызды бақылаңыз!

Мақсатқа жетудің негізін қалайтын ең басты нәрсе – сіздің дағдыларыңыз (әдеттеріңіз).

Бір күні бүк, екінші күні шік болу – сізді артқа тартады. Ал дағдыларыңыз сізді күн сайын мәреңізге қарай бір қадам жақындатып отыруы керек.

Мақсатқа жеткізер дағдыларды қалыптастырып, оларды күнделікті қадағалап отыру үшін “Coach.me”, “Way of Life” немесе “HabitBull” сияқты қосымшалардың біреуін телефоныңызға жүктеп алыңыз.

Бұл қосымшалар - көздеген мақсатыңызды жазып, күн сайынғы прогресті бақылап отыруға жәрдемші болады!

Процестен ләззат алуды қалыптастырады. Енді бұл бөлек тақырып.

Жалғасы бар.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!