Get Mystery Box with random crypto!

Мақсатыңыз бар ма? (Жалғасы) Оқу ұзақтығы 1 минут. Алдыңғы та | Алмат Жайлаубаев

Мақсатыңыз бар ма? (Жалғасы)
Оқу ұзақтығы 1 минут.

Алдыңғы тақырыптарды оқуға кеңес беремін.

Бүгін екеуін бірден жазуды ұйғардым. Кеттік.

3. Мақсатыңыз биік болсын!

Өзіңізді аяп, қорқақтық танытқанша, керек кезде тәуекелге баруды да білген жөн.

Сол үшін ішіміздегі күмән мен шектеулерден арылып, тек мақсатқа жету жолдарын ойлағанымыз абзал.

«Көпшілігіміз үшін үлкен қауіптің бірі – бұл мақсатымыздың тым жоғары болып, жете алмайтындығымызда емес. Керісінше тым төмен болып, оңай жетуімізде», – депті дарынды Микеланджело.

Сондықтан болса керек үлкен мақсат қоюдан қорқып жатамыз. «Егер жете алмасам ше», «босқа уақытымды неге құртам», «ел не дейді» деген сияқты бастағы теріс ойлар бізді тежейді де тұрады.

Бастағы күмән, үрей және кедергі беретін ойларды өшіріп тастаңыз да, биік шыңдарды көздеңіз. (Оңай жететін мақсаттарды емес, жетуі өте-өте қиын мақсаттарды жазыңыз.)

Ps. Алла Тағала біз сұрамасақ та сансыз нығметтер мен дүниелер берген. Енді ықыласпен сұрасақ неге бермейді деп ойлайсыз? Күмән болмасын!

“Сұраңдар, берейін” - дейді Құранда. Сол үшін әрекет бізден, нәтиже Алладан!

4. Мерзімін белгілеңіз!

Әр жазған мақсаттарыңыздың қасына қашан қол жеткізетініңізді де белгілеп қойыңыз. Өйткені, «әйтеуір бір күні жетермін мақсатыма» деу – мақсатыңыз жолында әрекет етуден алыстатады.

Егер Гарвард Университетіне түскіңіз келсе, қай жылы түсетініңізді күнтізбеге енгізіп қойыңыз.

Мысал келтірейік:

“1-ші Қыркүйек 2023-ші жылы Гарвард Университетінде «Менеджмент» мамандығында оқуды бастадым”.

Осылай істемесеңіз, не жоспар, не әрекет жасамайсыз. Дайындалу да қиынға соғады.

Күнтізбедегі дедлайн (уақыт) сізді әрекетке итермелеп, жүйелі түрде дайындалуға себеп болары анық.

Жалғасы бар.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!