Get Mystery Box with random crypto!

Мақсатыңыз бар ма? ⠀ [Жетістікке жетелер мақсат қоя білу өнері | Алмат Жайлаубаев

Мақсатыңыз бар ма?

[Жетістікке жетелер мақсат қоя білу өнері]

Уикипедияда мақсатты былай сипаттаған екен: «белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі».

Демек, діттеген мақсатымызға жету үшін әрекет етуіміз керек. Әйтпесе ой-санадағы көрініс болып қала береді.

Егер өмірлік мақсатыңыз болмаса, бірден табуға тырысыңыз.

Тіпті бұл өмірде не істеріңізді білмей жүрсеңіз, ең болмағанда, не қалайтыныңызды, не істегіңіз келетінін табу жолында мақсатыңыз болсын. Қандай болса да, әйтеуір мақсатсыз жүруден жақсы.

Қол қусырып, келешекте “бәрі жақсы болады” - деп, құр үміттеніп отырмас үшін, өзімізге МАҚСАТ қоюымыз қажет. Өйткені әрекетсіз құр үміт – шешім емес!

Өткен мақаламдағы «Алғырдың 6 қасиетін» [https://t.me/almatzhai/88] бойыңызға сіңіріп, 8 қадамда табысқа жетуге көмектесетін мақсат қоюдың әдістерін үйреніңіз.

8 күн бойы біртіндеп, жазып отырамын. Бірге болыңыз.

Ал біріншісін бүгін бастайық. Кеттік.

1. Мақсатыңызды белгілеп алыңыз.

Мақсат қоярдың алдында, көш жүре түзелетінін естен шығармаңыз. Процесті қиындатпай, керісінше оңайлатыңыз. Мақсат қою біз ойлағандай аса қиын емес.

Жасағыңыз келетін бір нәрсе жайында ойлайсыз да, соны іс жүзіне асыруға бел байлайсыз. Бар болғаны осы. Бірақ қағаз бетіне түсіруді ұмытпаңыз.

Эверест шыңын алғаш бағындырған Эдмунд Хиллари не дейтінін қараңыз:

«Белгілі бір істерді жасау үшін және бәсекеде алда болу үшін «Супер Герой» болудың қажеті жоқ. Қарапайым бір пенде болсаңыз жеткілікті. Тек биік мақсаттарды бағындыру үшін жеткілікті мотивацияңыздың болуы шарт.»

Жалғасы ертең.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!