Get Mystery Box with random crypto!

​​Ағылшын тілін тез үйрен! Жаңалықтар, ғылыми мақалалар, жаңа | Алмат Жайлаубаев

​​Ағылшын тілін тез үйрен!

Жаңалықтар, ғылыми мақалалар, жаңа туындылар және инновациялар қай елден шығып жатыр? Әрине басым көпшілігі АҚШ-тан. Дүниежүзілік бестселлерлер де сол елден. Демек, дамыймын деген әр адам ағылшын тілін үйренуі керек. Өйткені жер бетіндегі бүкіл ақпараттың 85% ағылшын тілінде.

Ағылшын тілін тез үйрену үшін не істеу керек? Әлбетте жолдары мен тәсілдері көп. Әр адамның үйрену қабілеті де әр түрлі. Бұл туралы видеолар - Youtube каналында толып жатыр. Сондықтан өзім үйренген жолдарды айтайын. Сіз көңілге қонғанын алып қолданарсыз.

1 - Кітап оқу.

Ең бастысы кітап көп оқу керек. Мысалы ағылшынша деңгейіме сай кітап аламын. Бірден оқуды бастап кетем. Көш жүре түзеледі деймін.

2 - Сөз жаттау.

Шет тілінде жақсы сөйлеп, оңай түсіну үшін сөздік қордың маңызы зор. Сол үшін оқып жатқанда білмейтін сөздерімді белгілеп, бәрін аударамын. Қағазға жазып алып, жаттап жүремін. Қолданатын сөздіктерім: Google переводчик, https://www.lingvolive.com/en-us , https://context.reverso.net/translation/english-russian/ , https://sozdik.kz/

3 - Грамматика.

Грамматика кітабын еш оқымаймын. Бәрін практикада үйренгенді жөн көремін. Мысалы оқып жатқанда сөйлем ішінен “should have been” деген сөздерді көрдім делік. Мағынасын білу үшін YOUTUBE-қа жазамын. Youtube ағамыз 4-5 минутта бәрін мысалдармен түсіндіріп береді. Осылайша уақыт пен энергия үнемдеп, тез үйренемін.

4 - Тыңдалым.

Әр сөзді қалай айту да - өз алдына бір бөлек дүние. Сол үшін ағылшын тілінде көп тыңдау керек. Мен подкасттер тыңдап жүремін. Кей кезде https://www.ted.com/ субтитрмен тыңдаймын. Ағылшын тіліне құлағымды осылайша жаттықтырамын. Кино аз көрген абзал. Көбіне ағылшын тіліндегі интервьюлар өте пайдалы.

5 - Жазу.

Жаттаған сөздерді - сөйлем ішінде қолдану үшін жазу керек. Көбінесе https://www.grammarly.com/ арқылы жазамын. Осы жерде өз қателерімді де көріп отырамын. Жазған сайын сөздер жақсы жатталып, миыңыз жаттыға бастайды.

6 - Сөйлеу.

Жаттаған сөздер мен жазғандарды сөйлеп те үйрену керек. Сонда үйрену процесі жылдам болады. Ол үшін айна алдында тұрып, немесе камераға басып алу арқылы ағылшынша сөйлеу керек. Практика, практика және тағы да практика.

Бәрі оқумен басталады. Ары қарай ашыла бересіз. Өзіңізге ыңғайлы әдістерді табасыз. Осылайша ағылшыншаны да меңгерген боласыз.

PS. Егер ағылшын тілін әлі білмесеңіз, онда жақсы бір мұғалімге (курсқа) барып үйренгеніңіз абзал. Үстінде жазғандарым барлық деңгейге жарамды. Ал іске сәт!

21-ғасырда ағылшын тілін білмеу - үлкен кемшілік. Сол үшін қазір бастаңыз.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, досым!

https://t.me/almatzhai