Get Mystery Box with random crypto!

Біреу университетке түсуді, ал біреу бітіруді армандайды. Оқуы | Алмат Жайлаубаев

Біреу университетке түсуді, ал біреу бітіруді армандайды. Оқуы бітіп жатқандар магистратура, PhD оқуды н/е жұмыс жасауды жоспарлайды.

Біреу үйленуді, біреу балалы болуды қалайды. Адамда арман біткен бе?! Қалаулар ешқашан таусылмайды.

Өмір - өзен, әне-міне дегенше өтеді де кетеді. Ал біз болсақ, жүзеге аспаған арманымыз бен жоспарымызды ішімізге тыға береміз, тыға береміз.

Еминем братанның бір өлеңі былай басталады: One shot, one opportunity (бір атым оқпен нысанаға тигізер бір мүмкіндік).

Ақыры күш жұмсап, еңбек етеміз. Жоспарлап, әрекет жасаймыз. Уақыт бәрібір кетеді. Неге ең күштісіне қол созбасқа?! Қол жетпесе әйтеуір жеткен жерінен алу қашпайды ғой.

Сол себепті ең мықты, ең қиынын таңдап, жолды соған қарай жоспарлау керек!

Мысалы оқушылар мен студенттер:

Гарвард, Принстон, Колумбия, Йель, Оксфорд, Кембридж, Стенфорд сияқты университеттерге ұмтылу керек.

Ақыры армандаған соң, ақыры жоспарлаған соң, осылар болсын! One shot, one opportunity.

Мақсатыңыз әрдайым биік болсын!

https://t.me/almatzhai