Get Mystery Box with random crypto!

Қазағым кезінде айтып-айтып тастаған екен. Айтылған сөздер ойд | Алмат Жайлаубаев

Қазағым кезінде айтып-айтып тастаған екен. Айтылған сөздер ойдан емес, өмірден алынғанына көзім жетіп жүр.

Қазір қара басының қамын ойлау шегіне жеткен заман ғой. Сол үшін де осы ғасырды менмендік ғасыры деген болар.

Мысалы үшін төмендегіні оқыңызшы.

“Өзімдікі дегенге,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенге,
Анау-мынау ісім бар”.

Өмірлік тәжірибені бір шумаққа сыйдыра салған ғой. Керемет!

Дегенмен өзінен гөрі өзгелерді көп ойлайтын жандардың да бар екеніне куәмін! Аллаға шүкір!

Ең бастысы Алладан басқа ешкімге мұқтаж етпесін бізді. Өйткені:

“Адамнан сұрағанның екі көзі шығады,
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады” - деген екен атам қазақ.

Екі мысалдан өзіме екі дәріс шығардым.

https://t.me/almatzhai