Get Mystery Box with random crypto!

“Лайфхактар”, “Мен әлемді көрмеймін сен сияқты” кітаптарының а | Алмат Жайлаубаев

“Лайфхактар”, “Мен әлемді көрмеймін сен сияқты” кітаптарының авторы Данияр Жігітбек мырзаның мақаласы.

Қарапайым адам не үшін халыққа ұнайды, білесіз бе? Себебін іздеп көрдім. Меніңше, қарапайым адам – өзгенің қызғанышын қоздырмайтын адам.

Ал жұрт әдетте нені қызғанады. Өзгенің қолындағы материалдық игіліктерді қызғанады. Мысалы, көлік, үй, ақша, т.б.

"Адамдар сені жақсы көрсін десең, олардың қолындағы нәрсеге қызықпа, тәрк ет". Бұл – бір хадистің мағынасы. Дін мамандарынан толық түсіндірмесін сұрау керек.

"Адамдардың қолындағы нәрсе" дегенді материалдық игіліктер деп түсінемін. Олармен жарысып, "міне, қараңдар" дегендей барыңды көрсетуге тырыссаң, олардың қызғанышын қоздырасың.

Бұл "материалдық игіліктер жаман, оған ие болуға тырысу дұрыс емес" дегенді білдірмейді.

Дүниеңді көрсете берсең, өзгені қызғандырасың. Артық қызғаныш тудырмау үшін барыңды барынша жасыруың керек. Қарапайым адам – "жасыру өнерін" меңгерген адам.

Адал термен материалдық игіліктерге қол жеткізген сенде проблема жоқ. Проблема соны қызғанатын адамдарда.

Сол үшін олардың қызғанышын қоздырмауға тырысу керек. Рухани интеллект тұрғысынан қарасақ, қызғаныш араласқан тамсану – көз тиюдің бір себебі.

Дүниеңді көрсету бір басқа. Дүниең өзі көрінсе, бір басқа. Айырмасын байқап тұрсыз ба? Екі түрлі көрініс.

Мысалы, Инстаграмда дүниесін көрсететіндер көбірек. Бұл жұрт арасындағы қызғаныш концентрациясын арттырады.

Сөз соңы. Мен қарапайым болуды таңдадым. Қолымдағы материалдық игіліктерді барынша көрсетпеуге тырысам. Бұл өзімнің де, өзгенің де жүрегіне тыныштық сыйлайды.