Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа деңгей! Сәлем, достар. Рамазан айы құтты болсын, ораза | Алмат Жайлаубаев

Жаңа деңгей!

Сәлем, достар.

Рамазан айы құтты болсын, ораза қабыл болсын!

Осы уақытқа дейін көп нәрсе жазбадым. Өйткені жазбас бұрын адам өзі істеуі тиіс. Сонда ғана айтылған/жазылған ақпараттар әсерлі болады.

Ендігі кезекте адамға керек тиімді әдістер мен тәжірибелерді қолға аламын да, осы жерге жазамын. Ең бірінші болып сіздер оқисыздар.

Мысалы үшін “Темірдей Тәртіп қалыптастырудың 6 жолы” https://t.me/almatzhai/32 атты мақалама 7-ші жолын қоспақшымын. Бұл жолды 1,5 жыл іздеп, әрең дегенде таптым, Алланың қалауымен. Бұл менің өмірімді едәуір өзгерткенін басып айтқым келеді.

Ал достар, алдағы уақытта жаңа жазбаларымды күтіңіздер!

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!