Get Mystery Box with random crypto!

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМП | almatyobl_tjd

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Алматы және Жетісу облыстарының өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелерінде өрт-құтқару спортын одан әрі дамыту мақсатында Талдықорған қаласында өрт-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өткізілді. Оған қалалық және аудандық өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің 12 командасы қатысты.
Жарыс өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының ережелеріне сәйкес 3 түрі бойынша өтті: Оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу; оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне жылжымалы 3-иінді сатымен көтерілу; Жауынгерлік қанат жаю.
Өткізілетін чемпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері жеке құрамның кәсіби шеберлігін, техникалық дайындығын қалыптастыру, жоғары деңгейдегі физикалық, ерікті және арнайы қасиеттерін дамыту, сондай-ақ өрт-құтқару спортын одан әрі дамыту және дәріптеу, облыстың құрама командасының резервін қалыптастыру үшін мықты спортшыларды анықтау болып табылады.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық орындар келесідей бөлінді:
1 – ші орын-Алакөл ауданының өрт сөндіру бөлімшелерінің құрама командасы;
2 – ші орын-Талдықорған қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің командасы.
3 – ші орын-Көксу ауданы Балпық би ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің командасы.
Жүлделі орындарға ие болған командалар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар, медальдар, грамоталар мен кубоктар табыс етілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі