Get Mystery Box with random crypto!

Судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шаралар Іле өзен | almatyobl_tjd

Судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шаралар
Іле өзенінің жағалауында өткізіледі.

Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің ерекше бақылауында. Суға шомылу маусымы қарсаңында Алматы облысының ТЖД қызметкерлері суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешенін өткізеді. Температуралық аяның өзгеруін ескере отырып, азаматтардың демалыс орындарында, шомылуға жабдықталмаған орындарда және апаттық жағажайларда патрульдеу және рейдтер ұйымдастырылды Қауіпті су айдындарының демалуға, шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату ұйымдастырылған. БАҚ арқылы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын халыққа жеткізу ұйымдастырылды.
Мереке және демалыс күндері Іле өзені жағасында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, профилактикалық әңгімелер жүргізілді, судағы қауіпсіздік ережелері дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы жеткізілді, сондай-ақ жадынамалар таратылды. Жалпы, осындай іс-шаралар бүкіл облыс бойынша, азаматтардың демалыс орындарында, су айдындарында өткізіледі. Рейдтер мен патрульдеу жүргізуге азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер мен полиция нарядтары қатысады. Бұл ретте жүзу құралдары, автомашиналар, жаяу және атпен жүру тәртібі пайдаланылады.
Аталған іс - шаралардың мақсаты-суда адамдардың қаза болу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайту.
Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, мас күйінде және жабдықталмаған жерлерде суға шомылу, күштерді жете бағаламау, сондай-ақ кішкентай балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру және шомылуға арналған белгіленген аймақтарға (буйкаларға) шомылу. Суда қаза болу жағдайларының 98% - н астамы жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу жағдайлары жатады, олардың 70% - н астамы алкогольдік масаң күйде суға шомылу себебінен болады. Адамдар абайсыздан өз күштерін жете бағаламай суға шомылуға арналған жерлерде де батып кетеді.
Алдағы жазғы каникул кезінде су қоймаларына, суаратын арықтар мен каналдарға жақын орналасқан балалардың ата-аналарына жауапкершілікке ерекше назар аударғым келеді.
Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.
Жабдықталған жағажайларда қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек. Жаздың ыстық күндерінде Іле өзенінде демалушылар саны едәуір артады. Суда қауіпсіз демалу өзін-өзі ұстану және "судағы қауіпсіздік ережелерін"орындауға байланысты.

Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады:
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған басқа да орындарда шомылыңыз;
- жүзе білмесеңіз суға белден жоғары түспеңіз;
- суға шомылу кезінде бір-біріңізден көзден таса болмаңыздар;
- жағалаудан қалқалар мен қоршау белгілерінен асып жүзбеңіз;
- жүзе алмай, жүзу үшін шеңберлерді, үрлемелі матрастарды қолданбаңыз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- ұзақ уақыт шомылмаңыз, қатты тоңу және шаршауыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Осы ережелерді сақтау сізге және сіздің балаларыңызға судағы қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі!
Құтқару қызметінің бірыңғай телефон нөмірі "112".

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі