Get Mystery Box with random crypto!

6 наурызда 'Ақ жол' партиясының Алматы қалалық штабы Наурызбай | AqJol Almaty

6 наурызда "Ақ жол" партиясының Алматы қалалық штабы Наурызбай ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығына үгіт-насихат кездесуіне келді.
Орталықтың қызметі аға буын азаматтарының әлеуетін іске асыру, олардың белсенді ұзақ өмір сүруін ынталандыру, белсенді қоғамдық қызметке тарту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Әңгіме барысында білім сапасының қолжетімділігі мәселелері қозғалды.
«Ақ жол» ҚДП әлеуметтік саясатының басымдылығы – сапалы және қолжетімді білім. Балалардың дарындылығы ата-анасының тұрғылықты жеріне немесе кәсібіне байланысты емес, әр бала жарқын болашаққа құқылы.
Бірақ қалалық дарынды балалар үшін әр түрлі арнаулы мектептерде сапалы білім алу мүмкіндігі әртүрлі болса, ауыл оқушыларының мұндай мүмкіндіктері өте аз.
Сондықтан, дарынды ауыл балалары үшін барынша жағдай жасау қажет.

Партия өкілдері қатысушыларға үгіт материалдарын таратып, осы жылдың 19 наурызында өтетін сайлауға белсенді қатысуға және "Ақ Жол"партиясына дауыс беруге шақырды