Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады Биыл | Almaty_akimdigi

Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады

Биылғы оқу жылында Алматыда бірінші сыныпқа 31 мыңнан астам бала барды. Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алады.

Жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жыл соңына дейін 5,3 млрд теңге бөлінді.

Оқулықтар мен көркем әдебиет сатып алуға жергілікті бюджеттен 3 млрд 263 млн 457 мың теңге бөлінді. Биыл 2 сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады. 1-11 сынып оқушылары тегін оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі.

Facebook | Instagram | Telegram