Get Mystery Box with random crypto!

10-АҚ КҮН БисмиЛләһ. Қалайсыздар, телеграмдағы алтындарым?! | Алматы Әйелдер Орталығы

10-АҚ КҮН

БисмиЛләһ. Қалайсыздар, телеграмдағы алтындарым?!

Әне-міне дегенше Рамазан айының 20 күні уже артта қалып кетіпті ...

Құлшылық жасауға небары 10-ақ күн уақытымыз қалыпты, сенесіз бе?

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күннің тақ түндерінен іздеңдер», – деген хадисі жеткен.

Сондықтан бар ықылас-ниетімізді осы соңғы 10 күнге жұмылдырып, Құранды толықтай хатым етуге тырысайық, Алла қаласа

Күнделікті Құран оқыған соң жылдамдықтарыңыз да артқан шығар? Кім байқады осы өзгерісті?