Get Mystery Box with random crypto!

Ал, кеттік онда жалғасын салдым Үшінші баласын дүниеге әке | Алматы Әйелдер Орталығы

Ал, кеттік онда жалғасын салдым

Үшінші баласын дүниеге әкелген соң Дариғаның уақыты тіптен тапшы бола бастады. Балаларының соңынан жүгіремін деп жүріп өзіне көңіл бөлуден қалды. Не дегенмен жатырынан 3 бірдей перзент шыққан соң қынабы да кеңейіп, «жыныстық қатынастың ләззатын» сезуден қалады. Либидо төмендеген соң күйеуінен қашқақтап, өзі де үнемі шаршап, бойын ашушаңдық кернейді. Денсаулығының нашарлауы салдарынан әйелге тән тұлғалығы да жоғала бастайды. Өзін, денсаулығын күтпеу үрдісі ары қарай ушыға түседі. Және осындай состояниенің фонында «күйеумен конфликттің» көкесі басталады. Бірін-бірі кінәлау осы 3-перзенттен кейін шарықтау шегіне жетеді. Осындай күйде жүргеніне күйеуін, балаларын кінәлап, «жертва» хәліне қалай түскенін өзі де сезбей қалады. Оның түсінігі бойынша «өзі тым жақсы әйел, бірақ осы хәлге күйеуі мен балаларының «кесірінен» түсіп отыр...».

Дәл осы Дариға состояниесі кімге таныс?
Қалай ойлайсыздар, Дариғаның зәр ұстай алмауына, қынабының кеңейіп, дыбыс шығаруына, либидосының төмендеп кетуіне, шаршап, жүйкесі тозып жүруіне не себеп?