Get Mystery Box with random crypto!

Араға екі жарым жыл салып, Дариға екінші перзентін дүниеге әке | Алматы Әйелдер Орталығы

Араға екі жарым жыл салып, Дариға екінші перзентін дүниеге әкелді. Бұл жолы толғағы мен босануы оңай болды, бірақ «ана жақтан» екінші бір мәселесі ытқып шықты, яғни қынаптан ауа шыға бастады. Басында дыбысы онша білінбейтін, бірақ кейін келе отырып тұрғанда дауысы анық шығатын болды. Бұл олқылық ара тұра Дариғаны ыңғайсыз ситуацияға түсіре берді. Оны байқап қойған күйеуі «прикол ұстап» келемеждейтінді шығарды. Алмастың күлуі Дариғаның іштей ызасын тудырды.

«Не істесем екен? Қалай бұл проблеманы түзесем болады?» деп ойлана бастады. Бірақ миы Дариғаға еш шешім тауып бере алмады. Өзі ізденбеді де. Бұл мәселе кейін Дариғаның нормасына айналып кетті. Екінші сәбиі 6 айға толғанда кенеттен үшінші балаға аяғы ауыр екенін білді. Срогы ұлғайып, ішіндегі баласы өскен сайын зәр ұстай алмауы үдеп кетті. Кішкене зәрді де ұстай алмайтын дәрежеге жетті. Гинекологтың кезекті приемына келгенде дәрігеріне бұл мәселені ұяла, қысыла отырып айтты. Дәрігері не де болса мәселенің босанғаннан кейін шешілетінін айтып, бір ем түрінің шетін шығарғандай болды. Ал әзірге бәрі бәз баяғы күйінде қалды.

Қалай ойлайсыздар, үшінші баладан кейін Дариға бұл проблемаларын шешу үшін гинекологқа барды ма?