Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі тестті жайдан-жай жасамадым. Сендер өздеріңді қанш | Алматы Әйелдер Орталығы

Бүгінгі тестті жайдан-жай жасамадым.

Сендер өздеріңді қаншалықты бағалайсыңдар?
Өздеріңе қаншалықты құндылық ретінде қарайсыңдар?
Соны білгім келген, жандарым сол

Қыздар, менен енді сендерге заметка болсын

Сендер өздеріңнің құнды екендеріңді түсінген кезде барлық сфераларың реттеле бастайды, оның ішінде негізгісі — денсаулықтарың

Ал денсаулықтарыңда ақау болмаса өздеріңе деген махаббаттарың артады

Әрбір клеткаңды бағалайтын және оған қамқорлық көрсететін деңгейге жетесіңдер

Өзіңді бар болмысыңмен қабылдап үйренесің. Ал өзін толығымен қабылдаған адам айналасындағы барлық адамды қалай бар, солай қабылдайды. Кемшіліктерін термейді, өзінде де кінәлау сезімі болмайды

Өз-өзіне көңілі толған әйел біреудің пікіріне тәуелді болмайды. Себебі оның нақты көзқарасы, пікірі қалыптасады

Ішіндегісін жасырмай, даналықпен айтуға бейімделеді

Өз шешімдеріне табанды болып, қалауларын орындай алатын деңгейге жетеді

Комментарийде осы тізімді жалғастырасыңдар ма, менің «Қылықты әйел» курсымнан өткен алтындарым?