Get Mystery Box with random crypto!

Әйел өзіне тек секс машина немесе тек бала туушы робот деп қар | Алматы Әйелдер Орталығы

Әйел өзіне тек секс машина немесе тек бала туушы робот деп қарауды қою керек. Жоқ, олай емес дерсіз. Бірақ, дәл осы жүктілік, жқ тақырыптары көтерілгенде біздің охват ұшады. Бұл аудиторияға осы тақырыптар қызықты, яғни өзекті екенін көрсетеді.
Рухани даму, тұлға боп қалыптасу, тәуелсіз қарым-қатынас туралы айта бастасақ, көбіңіз үнсіз қаласыздар. Алдағы "Қылықты әйел Pro” курсына әйелдің менталды сферасын қатар дамытатын бағдарлама жасап жатырмын. Қаласаң да, қаламасаң да дамисың дегендей Қазақтың әр әйелі жан-жақты білімді, қаржылай тәуелсіз, өзіне сенімді болса, ұрпақ та сапалы болады. Солай емес пе?
Ал, енді айтшы, шын қалауыңды анықтап, осы өміріңдегі өз орныңды ойып тұрып алғың келе ме? Әлде шынайы қалауыңды, нақты мақсатыңды айқындап алдың ба?
Жауап күтем, қыздар.