Get Mystery Box with random crypto!

Тақ: Басқа адамға берілген ризықты иеленбе. Жарысу. Бұрын өзі | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Тақ: Басқа адамға берілген ризықты иеленбе.

Жарысу.
Бұрын өзімді өзгелермен көп салыстыратынмын. Әсіресе табыс көздерін, көліктерін, әйелдерін, білімін, мінезін, рухани байлығын және т.б. Бұл мінезім мені олармен бітпейтін жарысуға алып барды. Салыстыру қызғанышты тудырды. Қызғаныш наразылықты - неге менде әлі жоқ, ал оған береді дегенді тудырды. Тоқтаусыз, үздіксіз жарысудан жаным қиналды. Басым ауыратын болды. Миымда хауыс орнады. Өзімді тыңдаудан қалдым. Омірдің ләззатын сезіну түгілі, тәтті тамақтың дәмін сезіне алмадым.

Түйсік.
Жаным шаршады. Өзіме сұрақ қойдым неужели Алла менің қиналғанымды қалайды? Іштей жауап келді:
- Жоқ!
- Вау. Бұл кім жауап берген?
- Сенің түйсігің боламын. Мен сенің жүрегіңнің үнімін. Мен тікелей рухыңмен байланыстамын.
- Сен сын, шайтан емессің ба?
- Жоқ! Опар сена жамандыққа, қызғанышқа, жарысуға, салыстыруға шақырады.
- Ал сен ше?
- Мен Аллаға шақырамын. Менің мақсатым саған қызмет ету. Жаратушының белгілерін анықтап, ашып беру.
- Қазір Алла маған қандай белгі беріп жатыр?
- Өзіңді өзгемен салыстырма, себебі сен уникалдысың, сен сияқты адам туылмаған & туылмайды да.
- Супер. ММ қабылдаймын. Түйсік, сенімен кез келген уақытта сөйлессем болады ма?
- Әрине. Менің қызметім сенің өміріңді барынша жеңілдету, оңайлату жолдарын көрсету.
- Рақмет.

Оның иесі тек Алла.
Сөйтіп өзімді ешкіммен салыстырмайтын болдым. Әр адамға ризықты Алла береді. Қанша, қалай беретінін Өзі шешеді. Ол шешімге мен араласуға құқығым жоқ. Сәйкесінше өзгенің дүниесіне, жетістігіне қызғанышпен қарағаным, өзімше Оны сынағаным екен. Алланың ризығын адамға жатқызбайтын болдым. Мейлі бай болсын, кедей болсын олар мен үшін бірдей. Бәріміз Оның алдында 0-міз. Құлмыз.

Тапсыру.
Басқа түскен сұрақтар мен мәселені Жаратушыға тапсыру. Алдымнан бір мәселе шықса, оны дереу өзім шешемін деп кірісіп кететін едім. Қазір бірінші қадам, жүректі тыңдаймын. Жүрек кімді іздеп тұр. Жаратушыны ма, жаратылғанды ма? Жаратушыны іздесе, онда шешімі бірден келеді. Сол мені қуантады. Мәселе де көп ұзамай шешілді, жүрек те тыныштықта.

Түйін: әлемді тыңдау өзіңді тыңдаудан, ал өзіңді тыңдау түйсігіңді тыңдаудан басталады.

Постты қолдау мақсатта 10 ер & 10 әйел адаммен бөлісіңіз.