Get Mystery Box with random crypto!

Мен лайықты емеспін, маған лайықты етіп жаратқан. Түсіну. Осы | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Мен лайықты емеспін, маған лайықты етіп жаратқан.

Түсіну.
Осы уақытқа дейін ой жүгірттім. Кейде бір нәрсені сұрағанда ішімнен өзімді біртүрлі сезінетінмін. Мен бұған лайықпын ба, мен мына 1 млн. $ табысқа лайықпын ба, мен мынадай сұлу, ақылды, иманды әйелге лайықпын ба, мен мынадай өмірге, арманға лайықпын ба??? Жанымда жайсыз сезімдер болатын. Бірақ түйсігім керісінше айтады. Сен емес, саған лайықты етіп, уже жаратып қойған деді.

Орынбасар.
Құранда Жаратушы адамға аспандар мен жердегінің барлығын бағындырып қойдық дейді. Сөйтсем өзімді өзім құнымды, бағамды, абыройымды түсіріп жүріппін. Адам жердегі Жаратушының орынбасары. Осындай абыройды өзім қабылдамай жүрген екенмін.

Қабылдау.
Мен мына дүниеге келмей жатып, бүкіл қажеттіліктерімді жаратып & оларды маған лайықты етіп қойған екен. Вау. Тіпті менің сұрайтын нәрселерімнің шешімін сұрамай жатып дайындаған. Менің міндетім шешімді одан сұрау & ризықты қабылдау ғана.

Қиналу.
Егер қалауымның шешімін Одан сұрамай, өзім шешемін деп алсам, жаным қиналады. Тіпті ол маған қайырсыз, берекесіз болуы мүмкін.

Жеңілдік=даму.
Жаным жеңілдікті қалайды. Қайырлы & берекелі шешімдер жеңіл, оңай келеді. Жеңілдікпен бірге даму, өсу бар.

Постты қабылдау мақсатында 10 ер мен 10 әйел адамға бөлісуіңізді сұраймын.

І/н рухани ұстаз, психосоматолог @almasaqyn

#алмасақын #психология #лайықты #психосоматика #шешім