Get Mystery Box with random crypto!

Асықпа! Кідір! Адамның асығуы - тезірек нәтижеге жетсем екен, | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Асықпа! Кідір!

Адамның асығуы - тезірек нәтижеге жетсем екен, жеңістің дәмін татсам екен деген ниетінен туады. Сөйтіп темпті жылдамдата түседі. Процестің ләззатын, рахатын сезіне алмайды. Нәтиже процестен құралатынын ұмытады. Әсте-әсте нәтижені өзіне жатқызып, иелік ете бастайды. Көңілі соңғы Б нүктеге байланады. Сол жолдағылармен жарысқа түседі. Бәрі одан озып, ол артта қалып баратқандай сезінеді. Тәні өлсе де, ойы тірі болады. Өз өмірін қиындатады.

Адамның жаны оңайлықты, рухы рақатты қалайды. Дәйім. Үздіксіз. Оған сезімдер арқылы жетеді. Сезім - нәтижеде емес, процестен туады. Қашан адам асығу режимінен байсалдылық режиміне ауысады, сол сәтте өмірді толық сезінеді. Мағынасы артады. Ерекшілікті көреді. Жаратушысына жақындай түседі. Оның ММ сезінеді. Шүкірлігі артады.

Түйін: тұншыққан сезімдер сыртқа қалай шығуға асықса, адам да солай асығады. Сезім - иләһи толқын. Сол толқында болайық.

Постты қолдау мақсатында 10 ер мен 10 әйел адамға бөлісуді сұраймын.

І/н @almasaqyn

#алмасақын #асықпа #тоқта #кідір