Get Mystery Box with random crypto!

Біреу үшін күйіп пісудің зияны. Егер де мен басқа адам үшін к | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Біреу үшін күйіп пісудің зияны.

Егер де мен басқа адам үшін күйіп пісіп, күйгелектеніп отырсам дереу өзіме сұрақ қоямын. Мен кіммін? Алланың құлымын. Ол адам кім? Тоже Алланың құлы. Оның мәселесін шешетін мен ба, Алла ма? Алла. Ендеше Аллаға тапсырмайсың ба? Тапсырамын.

Қай кезде мен өзгелер үшін күйгелектікке салынамын: - егер де мен өзгелерді өзіме жатқызсам, оларды иемденіп алсам;
- өзгелердің жауапкершілігін өзіме артып алсам;
- Алла үшін емес, адамдар үшін өмір сүрсем;
- өз миссиям білмесем, ұмытсам, тастап кетсем.

Осы себептеріммен жұмыс жасаймын. Өңдеймін. Босатамын. Өмірімді барынша жеңіл, рахаттанып сүргім келеді. Себебі мен құлмын, құлда ешнәрсе жоқ. Бүкіл жаратылыстың иесі тек Алла. Ол ғана шешеді. Осы орайда 91-дің әні еске түсті:
Мен баймын, бірақ ең емес. Ең бай Алла.
Мен күштімін, бірақ ең емес. Ең күшті Алла.

Түйін: Адам тек надандығымен өзіне ауыр жүкті арқалап алады. Одан өзіне де, өзгеге де еш пайдасы болмас.

Постты қолдау ниетте 10 ер мен 10 әйел адамға бөлісуіңізді сұраймын.

#алмасақын #эмоция #сезім #психология #психосоматика