Get Mystery Box with random crypto!

Байлықтың кілті жоқ, себебі оның есігі 24/7 сағат ашық тұр. И | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Байлықтың кілті жоқ, себебі оның есігі 24/7 сағат ашық тұр.

Игіліктер Алладан, қиыншылық адамның өзінен. Кейде ойға шомылып өзіме қиыншылықтарды тудырамын. Тәубеме келіп, Аллаға тапсырғаннан кейін бірден жеңілдік келеді. Мен бұрын байлықтың кілтін, баюдың алгоритмін іздейтінмін, сөйтсем Алланың ризығын алу үшін түрлі шарттар мен ережелерді қойып күрделендіріп жіберіппін.

Ақиқатында ризық шексіз. Ол мұсылманға да, христианға да, атеистке де, еврейге де бірдей жауып тұрады. Алла менің қандай да бір шартым үшін, құлшылығым үшін, ережені ұстанғаным үшін бермейді. Оған құлына беру үшін ешқандай шарт, себеп қажет емес. Егер қаласа, сол сәтте кез келген себепті тудырады да, береді. И точка.

Алла ризығын - игеріп, басқара алатындай және қайырлы, берекелі болатындай мөлшерде береді. Менің байқағаным құл екі жерде қате жіберуі мүмкін:
1. Сұрайтын кезде. Егер маған 5 млн. керек болғанда, мен ең бірінші қолымды адамға, банкке, болашаққа жайсам - дұрыс емес. Қателік осы жерде. Тек Раббыма жайсам - дұрыс болады.
2. Алладан сұрайды - береді. Кейін 5 млн.ды өзіме жатқызып, иемденіп алсам, қате жасаймын. Ол кезде Алла ескертулер жібереді: тәубеңе кел, маған қайтар деп, егер тыңдамасам алып қояды. Себебі мен Оның бергенін өзіме тиесілі етіп, ұрлап алдым. Құл халінен шығып, тәкаппарлық халге түсемін. Ақшаға көңілім байланып, тәуелді бола бастайды. Мен үшін көп ақша игілік емес, зиян, харам болады.

Дәйім құл халінде болу арқылы, Алланың құзыреттілігіне кірмейміз. Оның жаратқанына иелік етпейміз. Тек Ол бүкіл жаратылыстың Жаратушысы.

Түйін: ноль дәйім бірдің артында тұрғанда мәнге ие болады.

Постты қолдау ниетте 10 ер мен 10 әйел адамға бөлісуіңізді сұраймын.

#алмасақын #эмоция #сезім #психология #психосоматика

Жуырда басталатын «Мен Баймын» курсы жайлы:
8 707 679 81 40 Камшат х.

Семинарларым жайлы: 87076062357 Динара х.