Get Mystery Box with random crypto!

Аурудан айығу алгоритмі: 1. Мойындау. Ауру - маған Алланың бер | Алмас Ақынмен жан әлеміне саяхат

Аурудан айығу алгоритмі:
1. Мойындау.
Ауру - маған Алланың беріп жатқан сигналы деп сену. Оған қарсы шықпау. Берген аурумен толықтай келісу, қабылдау. Бұл арқылы Алла мені тәрбиелеп жатыр. Имандай сену. Ауруды мені жазалау үшін берген жоқ, мені тура жолға салу үшін берген құрал, бұл Раббымның рақымы.

Ол маған ауру арқылы үш нәрсені ескертеді:
А) Мен оған қандай да бір ойыммен, сезіммен, сөзіммен, амалдарыммен оның жер бетінде орнатқан әділ заңдарына қарсы жүріп жатырмын.
Ә) Миссиямды танымадым, мақсат қоймадым, жер бетіне не үшін келгенімді білмеймін, ізденбеймін, ғылым-білім оқымаймын, рузани азық алмаймын, мақсатым жоқ.
Б) Алланың жаратылған құлдарына деген іштей қатты агрессия, өкпе, реніш, ашу, ыза, қызғанышты & т.б. көркем түрде шығармай, жинай беруім.

2. Жауапкергілік.
Аталған үш себептерді жасағаным үшін мойындаймын. Ауруды мен өзім шатасу, адасу, бұзылу арқылы тудырамын. Мен ауру болғаныма ешкім кінәлі емес. Оны өзім ойларыммен, сезіммен, амалдарыммен тудырып отырмын. Жауапкершілікпен қабылдаймын. Денсаулығыма мен өзім жауаптымын. Себебін өзімнен іздеп табамын. Ауруды тудырып отырғар түйсіктен позитивті ниетімді сұраймын.

3. Жаңа әрекетке көшу.
Ескі әрекеттерім ауруды тудырды. Жаңа әрекеттерім, ойлау жүйе - жаңа амалдарға, сезімге, ойларға жетектейді. Сәйкесінше маған ауру керек емес. Аурудың артында тұрған сабақты қабылдаймын, болысқан адамдарға алғысымды айтамын. Позитивті ниетке жаңа 3 МҚ модельдерін құрамыз. Жңо тексерістен өткіземін. Бәрі ойдағыдай өтсе, ауру мені жаңа деңгейге көтереді. Көп ұзамай сүйіншісі де келіп жатады.