Get Mystery Box with random crypto!

Түн ортасы, көкжиектен таң атпаған Шықылдаған сағатқа қарап та | alishka

Түн ортасы, көкжиектен таң атпаған
Шықылдаған сағатқа қарап та алам,
Есеңгіреп, отырмын есім кетіп
Басымда ойлар, қолымда парақ, қалам

Қуанбай ақ, бөленбей ақ таң нұрына
Шыдам жетпей айналамның тарлығына
Ерік беріп жүректің жаңбырына
Нүкте қоя салғым келеді барлығына