Get Mystery Box with random crypto!

Тек өзіңмен байланысты тағдырым Сені ойласам ұмытамын барлығын | alishka

Тек өзіңмен байланысты тағдырым
Сені ойласам ұмытамын барлығын
Саған ғана ашқым келеді сұлуым
Сезім толы махаббатың сандығын

Сені көрсем басқаларын көзге ілмей
Ал жаныңда айтуға да сөз білмей
Жүрек шіркін сол бейнеңді көргенде
Басқаларын тастайды ғой сездірмей

Кейде ілмейсің мені тіпті назарға
Білем енді уақытым жоқ созарға
Хабарлама жазу да қиын тіпті
Сөз таба алмай қалам кейде жазарға

Түсініп көр енді менің жайымды,
Мендік арман, мендік мына уайымды
Сәл уақыт бер түзетемін барлығын
Міне осы білгің келсе ойымды)