Get Mystery Box with random crypto!

Бейжің көшелерінде робот-таксилер қатынап жүр Бейжіңде робо | Лендинг Сайт жасау! ФОТОШОП!

Бейжің көшелерінде робот-таксилер қатынап жүр

Бейжіңде робот-такси жүйіткіп жүр. Жүргізушісі жоқ көлік әзірге тек белгіленген бір бағдармен қатынайды. Қазірдің өзінде қызметтің бұл түріне сұраныс көп. Өйткені қазір оны ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы тегін пайдалануға болады.

Көліктегі жолауышылар саны екеуден аспауы тиіс. Компьютермен басқарылатын көліктер 1 ай шамасында сынақтан өтеді.

Осы уақыт аралығында көлік ішінде қауіпсіздікті қадағалайтын нұсқаушы отырады. Әзірге робот-такси қаланың тек бірнеше ауданында қатынап жүр.