Get Mystery Box with random crypto!

Блогер атанған қытай қарттары үшін өмір енді басталып жатыр | Лендинг Сайт жасау! ФОТОШОП!

Блогер атанған қытай қарттары үшін өмір енді басталып жатыр

Қытайда қарттардың көбі зейнеткерлік өмір енді басталып жатыр дейді. Ресми мәліметке қарағанда аспанасты елінде жасы 60-тан жоғары тұрғындар саны 250 миллионнан асқан. Бірақ егде адамдар зейнетке шықса да үйінде бос отырмайды. Әдетте немерелерін бағып, спортпен шұғылдануға көп мән беретін қарттар енді ғаламторда табыс табудың жаңа әдістерін меңгере бастаған.

Қытайдың кез келген қалалық саябағынан шағын топпен жиналған адамдарды көруге болады. Олар түрлі би билеп, жаттығулар жасаған зейнеткерлер. Бұл егде жастағы тұрғындардың сүйіп айналысатын істерінің бір бөлігі ғана. Қазір аспанасты елінде блогерлікті меңгеруге ден қойған қарттар көп.

79 жастағы Ван Биюнь әлеуметтік желіге алдымен өзінің сүйікті ісі би туралы бейнежазба жариялаудан бастаған. Қазір әжей түрлі өнімдерді де жарнамалайды. Қарт блогерінің парақшасына жазылғандардың саны 16 миллионнан асып, айлық табысы 500 мың долларға жеткен.
#blogger