Get Mystery Box with random crypto!

ТАИЛАНД АВТОБУС АПАТЫ. Таиландта автобус апатынан сегіз адам | Лендинг Сайт жасау! ФОТОШОП!

ТАИЛАНД АВТОБУС АПАТЫ.
Таиландта автобус апатынан сегіз адам қаза тапты
26.09.2020
Паттайяға Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлерді тасымалдаған екі қабатты автобус Нахонратчасима солтүстік-шығыс провинциясында тіркемесі бар жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы 40 адам жараланған. Автобуста 47 волонтер болған.
Қазір жараланғандар ауруханаға жатқызылды. Аман қалған куәгерлердің айтуынша, автобус жоғары жылдамдықпен жүрген, сол себепті жолаушылар көз іле алмаған. Олар тіпті жүргізуші рульде қалғып кете бергендіктен тоқтап, демалуын өтінген. Бірақ жүргізуші бұған құлақ аспады. Өйткені ол Паттайяға бірге барған басқа екі автобустың жүргізушілерімен кездесуге келіскен екен. Ақыры жолдағы жүк көлігі бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіп бара жатқанда автобус оның бүйіріне соғылып, екі көлік те аударылып қалды.

Әлем жаңалықтары