Get Mystery Box with random crypto!

«Жас қалам» Мақсаты: - балалар мен жасөспірімдердің шығармашыл | АЛАН&KIDS БАЛАЛАР ЖУРНАЛЫ

«Жас қалам»
Мақсаты:
- балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдап, қаламын ұштауға ықпал ету;
- әдебиетке қызығушылығын арттыру;
- шығармашылықты насихаттау.
 
Шарты: «Ең үздік ертегі», «Ең үздік өлең», «Ең үздік әңгіме», «Жаңылтпаштар сайысы», “Жұмбақтар” номинациялары бойынша еркін тақырыпта өз авторлық туындысын ұсыну. Көлемі шектеусіз.
Байқауға қатысатын шығармаларды alan-kids@mail.ru поштасына жіберу керек.

Қатысушылар: 7-17 жастағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер.

Мерзімі: өтініштер мен жұмыстар  5 қазан – 5 қараша аралығында қабылданады.
Нәтижесі: жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен сыйлықтар беріледі.  Лауреаттардың шығармалары автордың суретімен бірге «Алан&kids» журналында жарияланады, басқа қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жетекшілерге Алғыс хат беріледі.


Ескерту! Байқауға қатысу үшін «Алан&kids» журналының 1 данасына жазылу  міндетті (770 теңге)