Get Mystery Box with random crypto!

«Бөдененің құйрығы неге қысқа?» Бұл былай болған екен. Ертеде | АЛАН&KIDS БАЛАЛАР ЖУРНАЛЫ

«Бөдененің құйрығы неге қысқа?»

Бұл былай болған екен. Ертеде бір биік тау болыпты. Ол таудан ары қарай ешбір құс асып өте алмапты. Небір ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті. Бүркіттің қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Құстардың бәрі өз бақтарын сынап көріпті. Ең соңында «Енді кім қалды?» дегенде, бөдене шақырылыпты.
«Тәуекел» деп, бөдене ұша жөнеледі. Шырқап көтеріліп барып, таудан ол да аса алмапты. Содан соң ызаланған бөдене зымырап, құйылғаннан құйылып келіп, тауды көкірегімен соққан екен дейді. Сонда ол таудың ар жағына бір-ақ өтіпті. Міне, содан бері қарай қонғанда, аяғымен қонбайды, көкірегін жерге соға қонады. Ал құйрығы неге қысқа десек, әлгі тау тесігінің арасында жұлынып, қалып қойыпты... Әйтпесе, бұ-юрын бөдененің құйрығы қырғауылдың құйрығындай ұзын болса керек. Сөйтіп, биік таудан аса алмаған құстар ары қарай бөдене тескен тесіктен өтіпті.