Get Mystery Box with random crypto!

«Ақсу» Руслан Костышинді қызметінен босатып, қазақстандық бапк | Aladop

«Ақсу» Руслан Костышинді қызметінен босатып, қазақстандық бапкерге сенім артпақ

Қазақстандық маман Константин Горовенко «Ақсу» клубына бас бапкер болып тағайындалмақ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

45 жастағы бапкер осы аптаның басында Павлодарға келіп, футболшыларға таныстырылатын болады. «Ақсу» командасы сырт алаңда «Ақтөбеден» жеңілгеннен кейін Руслан Костышин бастаған бапкерлік штаб қызметінен босатылды.

Еске салайық, Горовенко осы маусымды «Атырау» командасының бас бапкері ретінде бастағанымен, клуб басшылығымен болған келіспеушіліктің салдарынан жұмыссыз қалған болатын.

«Ақсуға» келмес бұрын Горовенко «Қайрат», «Жетісу», «Шахтер» және «Мақтаарал» клубтарында еңбек етті.