Get Mystery Box with random crypto!

'Астананың' түбіне жеткен төрттік!!! Дәл қазір 'Астана' клубы | Aladop

"Астананың" түбіне жеткен төрттік!!!

Дәл қазір "Астана" клубының мүшкіл хәліне кім кінәлі десеңіз осы төрттікті көрсетеміз?!

Благоевич секілді өмірінде Сербияның 2-3 лигасынан көтеріліп көрмеген тренерді Астанаға қойған мына Санжар Сейтказинов болатын, ал Сейтказинов секілді Каспий клубында тек ҚПЛ-да аман есен қалуды ғана мақсат қылған менеджерді Астанаға алып келген көріп тұрғаныздай Тастанбек Есентаев және Асхат Сейсембек есімді қазақ спортына "жанашыр" ағаларымыз. Осындай кісілер біздің спортты бақыласа біздің бетке ұстар деген клубтарымыз жыл сайын евроаренада Европаның адам танымас клубтарынан 6-0 болып тас талқан болып ойсыра ұтылып жүре береді.

Егерде жоғарыда айтылған кісілер орындарын босатпаса, "Астана" клубын тек құлдыраудан басқа ештеңе күтіп тұрған жоқ.


Құрметті Тастанбек Құтжанұлы, Асхат Рашидұлы, Санжар Дүйсенбайұлы бұл масқара қашанға дейін жалғасады? Халық алдында атқарылған жұмыстар туралы жеткен жетістіктер туралы қашан есеп бересіздер әлде халықтың ызасын келтіребересіздерме?!