Get Mystery Box with random crypto!

Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді Қазақстан ұлтты | Aladop

Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді

Қазақстан ұлттық құрамасының 26 ​​жастағы жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен төрт жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Қазақстанның допингке қарсы орталығының ресми сайты.

Әбікен допинг-тесттен Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларымен бірге наурыз айының соңында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қарсаңында өткен еді. Сараптама нәтижесінен бейхабар болған 25 жастағы жартылай қорғаушы екі кездесуде де алаңға шығып, ұлттық құраманың жеңісіне өз үлесін қосты. Сәуірде Әбікен «Ақсу» сапында үш ойын қатарынан гол соқты. Ал мамыр айының басында оның қанынан тыйым салынған мельдоний препаратының табылғаны белгілі болды.

Енді Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінен кейін ғана, яғни 30 жасында қайта орала алады.

Айбол осы маусымның басында «Қайраттан» «Ақсуға» жалдау шарты бойынша ауысқан еді. Содан бері Премьер-лигада жеті матчқа қатысып, үш мәрте мергендігімен көзге түсті.