Get Mystery Box with random crypto!

«Тобыл» мен «Қызыл-Жардың» келесі кезеңдегі қарсыластары анықт | Aladop

«Тобыл» мен «Қызыл-Жардың» келесі кезеңдегі қарсыластары анықталды

Конференция лигасындағы жорығын жалғастыратын қостанайлық «Тобыл» мен петропавлдық «Қызыл-Жардың» үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.

«Тобыл» келесі кезеңде Босния және Герцеговина елінің өкілі «Зриньски» клубымен, ал «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасымен күш сынасады.

Өткен маусымдағы Босния чемпиондары екінші раундта албаниялық «Тирананы» жеңсе, Кипр чемпионатының қола жүлдегері атанған АПОЭЛ «Ботевтен» басым түсті.

Қазақстандық клубтар келесі кезеңдегі ойындарын 4 және 11 тамызда өткізеді.